Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

АШМ Қарағанды облысында жылқылардың ауруына қатысты зерттеу жүргізеді

9-02-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында 2023 жылдың мамырынан бастап жылқылардың эпизоотиялық лимфонгоиті бойынша карантин енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде республикалық бюджеттен өтемақы төлей отырып, аталған елді-мекендегі 185 бас жылқы жойылды. Карантиндік іс-шаралар жалғасуда.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2024 жылдың 15 қаңтарында Е.Бековтың «Ержан» ШҚ-дағы 2 бас жылқыда эпизоотиялық лимфангиттің клиникалық белгілері байқалғаны туралы ақпарат жарияланғанды. 16 қаңтарда 2 бас жылқыдан сынама алынып, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына жеткізілді. Зертхананың талдау нәтижесі - теріс.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында мамандар Төрткөл ауылының тұрғыны М.Жұмаділдің жылқыларынан екі сынама алды. Бұған дейін, 2023 жылғы 9 қазанда осы кісіге тиесілі 5 бас жылқыдан сынама алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына жіберілген болатын. Ол кезде де талдау нәтижесі «теріс» деп көрсеткен болатын.

Үмiткер ауылдық округiндегi эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi арнайы комиссия құрды, оның құрамына келiсiм бойынша «Ветеринария жөнiндегi ұлттық референттiк орталық» ШЖҚ РМК, ҚР АШМ мамандары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ғылыми биологиялық қауіпсіздік проблемаларының зерттеу институты» қызметкерлері енгізілді.

Арнайы комиссия 2024 жылдың 2-3 ақпанында мониторинг жүргізу үшін Үміткер ауылдық округіне барды. Олар Үміткер, Төрткөл, Үлгі ауылдарындағы сау, жайылымда жүрген және ауру жылқылардан биологиялық және патологиялық материалдар сынамаларын алды. Сондай-ақ, мамандар жергілікті тұрғындармен кездесті.

Айта кетейік, комиссия сапары кезінде «Ержан» шаруа қожалығының иесі сынама алу үшін жылқыларын бермеген еді. Сол себепті, 6-7 ақпанда Үлгі ауылында жылқылардан қосымша 11 сынама және Төрткөл ауылындағы, атап айтқанда, «Ержан» шаруа қожалығындағы 2 жылқыдан сынама алды.

Алынған сынамалар Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды филиалына жеткізіліп, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына жіберілді. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Бұдан бөлек, ғылыми институтпен бірлесіп жылқыларды вакцинациялау және карантин жағдайында эпизоотиялық лимфангитке қарсы иммунитеттің шиеленісуіне мониторингтік зерттеулер жүргізілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив