Облыстың 2024 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары туралы
Облыс бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 104,0 млрд теңгені құрап, өнеркәсіптік өндіріс индексі 106,7% орындалды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 38,1 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 112,1% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,9% (12,9 млрд теңге) ұлғайды. Нақты көлем индексі – 102,5%.
Облыс экономикасына 10,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі - 85,4%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 есеге артты (916,3 млн. теңге), нақты көлем индексі – 279,0%.
Қаңтар айында 106,7% өсу қарқынымен 6,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2023 жылдың қаңтар айына қарағанда 104,5% өсіммен 53,5 мың бірлікті құрады.
Ішкі сауда айналымының нақты көлем индексі – 103,6%. Оның ішінде:
- бөлшек тауар айналымының көлемі 33,8 млрд теңгеге жетті, нақты көлем индексі – 101,7%;
- көтерме сауда айналымы 15,9 млрд теңге сомасында қалыптасты, нақты көлем индексі – 107,5%.
Облыс бюджетіне ағымдағы жылдың 1 ақпанына 136,6% өсіммен 8,1 млрд теңге көлемінде меншікті кірістер түсті.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі