Танымал Мемлекеттік қызметтерді «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы алуға болады
ХҚКО-да сұранысқа ие қызметтердің бірі электрондық цифрлық қолтаңба алу болып табылады. Тек ақпан айында Абай облысының 25 576 тұрғыны осы қызметке жүгінген.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға өтінішті растау үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Қосымша сервисінің арқасында халыққа қызмет көрсету орталығының операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысуға және үйден шықпай-ақ, ЭЦҚ-ға тапсырыс беруге болады.
Ол үшін Pki.gov.kz сайтында ЭЦҚ алуға өтінім беру кажет, содан кейін қосымшаға кіріп, «Бейне қызметі» түймесін басыңыз, оператор байланысқа шығып өтінімге қол қою үшін SMS код пен жеке куәлікті сұрайды.
Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға баруды брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті ХҚКО-ның орналасқан жерін табуға және өзекті мәселелермен танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеуге болады.