Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.26 506.7 5.58

Үржар әуежайы туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда

23-02-2023, 08:44 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар әуежайының ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Fokker, Bombardier, Embraer және басқа да осыған ұқсас топтардың ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.

Биыл Үржар ауданында сағатына 100-150 жолаушыны қабылдайтын жаңа әуежай ғимаратының құрылысы басталады. Қазіргі қолданыстағы ғимарат өткен ғасырдың 70 жылдарында салынғандықтан ескірген.

«Биыл Үржар әуежайы үздіксіз өзінің жұмысын жалғастырады. Жаңадан салынатын құрылыс жұмыстары рейстерді қабылдауға кедергі келтірмейді»,- деді аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив