Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Бобровка және Мұрат саяжайлары тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі

12-03-2024, 11:02 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 11 наурызында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кездесті. Саяжай тұрғындары өздерін қызықтырған мәселелерді, соның ішінде электрмен жабдықтауды көтерді.

Қала басшысының айтуынша, биыл Мұрат және Бобровка саяжайларында трансформаторлық қосалқы станциялар мен инженерлік желілер орнатылады. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар Семей қаласына жеткізілуде. Сәуір айының соңында негізгі жұмыстар басталады.

Бүгінгі күні жоғарыда аталған саяжай алаптарында электр желілерінің құрылыс объектілері бойынша техникалық қадағалауға конкурстық рәсімдер өткізілді. 

Сондай-ақ, жазғы тұрғындар үшін жазғы кезеңде бау-бақша өсіруге барлық жағдай жасалатыны атап өтілді. Қоқысты шығару, саяжай мүлкін қорғау және т.б шаралар ұйымдастырылады. 

Өз кезегінде саяжай тұрғындары қаншама жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің оң шешімін тапқанына қала басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив