Семей қаласында 77 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді
Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 77 отбасыға, көп балалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.
Айта кетейік, Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2023 жылы жалпы саны 211 пәтер берілді.
Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан.