Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Наурыз мейрамы қаланың шеткері аумақтарында тойланды

21-03-2024, 15:23 Мадина Айдарова

Бүгін бүкіл елімізде Әз Наурыз мейрамын тойлау басталды. Семейде Наурыз мейрамы қала шетіндегі 5 ауданда атап өтілді. Солардың бірі №45 жалпы орта білім беретін мектептің ауласында өтті. Жергілікті тұрғындарды қала басшылығы келіп құттықтады. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жиналғандарды көктемгі жаңару мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Іс-шара аясында түрлі спорттық жарыстар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер өтті. 

Бұл күні мереке қонақтарына сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды, онда жергілікті қолөнершілер өз туындыларын ұсынды: мұнда әр түрлі көрпелер, тұрмыстық заттар және барлық керек-жарақтар қойылған. 

Сондай-ақ , қалалық мәдениет сарайының әншілері өнер көрсетіп, арқан тартыс, асық ойыны және басқа да ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Шығыс кентінің тұрғындарының ұйымдастыруымен ақ дастархан жайылып, наурыз көже мен бауырсақтар таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив