Семей қаласында Әз Наурыз мейрамында 11 сәби дүниеге келді
Бүгін, 22 наурыз сағат 00:00-ден бастап, Семей қаласында 11 cәби дүниеге есігін ашты. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы күні дүниеге келген сәбилердің анасын құттықтау үшін, бүгін Семей қаласының перинаталдық орталығына барды.
Бүгін дүниеге есігін ашқан сәбилердің 5-і ұл, 6-ы қыз бала. Қала басшысы 00:47-де алғашқылардың бірі болып өмірге келген нәрестенің анасы Асем Жабелованы және перинаталдық орталықтың ұжымын Наурыз мейрамымен құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін наурыз мейрамы күні бойы жалғасады. Кешкі сағат 19:00-де орталық алаңда отандық эстрада жұлдыздары Turar, Sadraddin, Алатау серілері қатысуымен ашық аспан астында Open Air форматында ашық аспан астында концерт өтеді. Барша қала тұрғындарын Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз.