Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
479.02 551.11 5.82

Биыл алғаш рет Наурыз мейрамы Қарағайлы шағын ауданында тойланды

22-03-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Биылғы Наурыз қарағайлықтар үшін ерекше өтті. Себебі, алғаш рет Қарайғайлы шағын ауданында бірнеше киіз үйлер орнатылып, «Nauryz Fest» іс-шарасы өтті.

Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі демеушілерді тарта отырып, ұйымдастырған шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Сондай-ақ, алғаш рет «Наурыз көже» әзірлеуден сайыс өтіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Ұйымдастырушылар «Тұсау кесер» рәсімін жасап, келушілерге түрлі сыйлықтар таратты. Сондай-ақ, қол күрес, арқан тартыс, асық ойыны сынды ұлттық ойындардан балалар бақ сынасты.

«Ауданымызда алғаш рет Әз-Наурыз мейрамы тойлануда. Жылда Орталық алаңға баратынбыз биыл өз ауданымызда жоғары дәрежеде атап өтіп жатырмыз», - деді Қарағайлының тұрғыны Алма Рақымжанова.

Наурыз мейрамы барысында Наурыз көже мен палау таратылды. Мерекелік шараны тамашалауға 500-ге жуық қарағайлық жиналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив