Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Абай атындағы театрдың жаңа директоры тағайындалды

24-02-2023, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Маратұлы Ибраев еліміздің алғашқы және көне театрларының бірі болып табылатын Абай атындағы театрдың жаңа директорын таныстырды.

Лауазымға Амангелді Бахтинов тағайындалды.

Амангелді Талғатбекұлы – театр өнері және мәдениет саласында үлкен тәжірибесі бар білікті маман.

‍1998-2001 Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің Актер өнері мамандығын профессор Дариға Тұранқұлованың класынан бітірді.

‍2011 жылы Б. Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтының «Драмалық театрдың режиссеры» мамандығын бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылдан Семей «Дариға-ай» жастар театрынан актерлық қызметінен бастады.

️2008 жылғы Дариға-ай жастар театрының директоры болып тағайындалды.

️2014 жылдан бастап Абай атындағы театр директорының орынбасары.

️2022 жылғы 19 қыркүйегінен бастап Абай атындағы театр директорының м.а. болып қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив