Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда
2023 жылы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Абай облысы санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева баяндады.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап «Иә, біз туберкулезді жеңе аламыз» атты бір айлық іс-шара өткізілген. Сонымен қатар, мемлекетімізде 6-7 жастағы балаларға туберкулезге қарсы ревакцинацияны алып тастау ұсынылған.
Санитариялық-эпидемияға қарсы профилактика инфекцияның таралмауы үшін бағытталған ересек тұрғындарды тұрақты флюорографиялық қарап-тексеруден өткізу және балалардағы туберкулезді уақытылы анықтау үшін тәуекел тобындағы балаларға манту сынамасын қою тәрізді шаралар кешені қамтылған.
Туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды уақтылы тұрақты қарап-тексеру және халықтың сауаттылығын арттыру аурудың таралмауы үшін қойылған басты міндеттердің бірі болып табылады.