Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ақаулар табылған аулалардың элементтері мердігерлердің есебінен қалпына келтіріледі

26-03-2024, 11:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен аулалардың жағдайын бақылады. Көшпелі кеңеске бөлім басшылары мен «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей Водоканал» МКК өкілдері қатысты.

Ең алдымен, қала басшысы 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен және күзгі маусымда қазылған қаланың оң жағалауындағы аулаларды аралады. Нұрбол Нұрсағатов ЖКХ бөлімінің басшысына бірқатар ескертулер жасады.

«Жұмыстарды жүргізген мердігерлер кепілдік шарттарына сәйкес барлық олқылықтарды бір ай ішінде түзетсін. Ақаулық анықталған аулалардағы кейбір шағын сәулет нысандарына қажетті жұмыстар жүргізілуі керек, Барлық мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауда ұстаңыз», - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Көшпелі кеңес барысында қала басшысы "Теплокоммунэнерго" МКК, "Семей Водоканал" МКК басшылығына күзгі кезеңде қазылған аумақтарды қалпына келтіру туралы тапсырма берді. Барлық жұмыстарды кепілдік шартына сәйкес жүргізуді, қажет болған жағдайда заң шеңберінде құзыретті органдарға жүгінуді тапсырды.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов Восточный кентіндегі Декоративная көшесіндегі қоғамдық кеңістікке барып, осы аумақтың жай-күйін бақылады. 2023 жылы Декторативная көшесіндегі 800 метрлік қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, бірақ қазіргі уақытта футбол алаңының кейбір элементтерін қалпына келтіру қажет. Қала басшысы шарттарға сәйкес барлық олқылықтарды түзетуді тапсырды.

Құрметті семейліктер, қаламыздағы әрбір затқа ұқыптылықпен қарауларыңызды сұраймыз. Семей қаласы еліміздің рухани орталығы болып саналады. Біз өз қаламыздың әрбір затын қызғыштай қорғап, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив