Семейде жаңа жылу электр орталығы салынады
Жаңадан салынатын №3-ЖЭО қаланың оң жағалауындағы жылу энергиясының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, мұндай қуатты жылу көзінің пайда болуы ескірген қазандықтардың жұмысын азайтады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Семей қаласында жылу орталығын салу қажеттілігі туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы №3 ЖЭО құрылыс жобасының техникалық экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Бұл туралы өңірлік окммуникациялар қызметінде «Абай аудандық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы Жандос Қайырханов баяндады.
«Теплокоммунэнерго» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныдағы жөндеу жұмыстарына кейін жылумен қамту жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Осы жылы жылу қазандықтар мен желілерін жаңғыртып, жөндеген соң тозу деңгейі 10 пайызға азайады деген жоспар бар.