Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қала әкімі сексен бірінші жеке қабылдауын өткізді

4-04-2024, 17:52 Мадина Айдарова

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалғаннан күннен бастап сексен бірінші жеке қабылдауын өткізді, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін қала әкімінің қабылдауында 2000-ға жуық қала тұрғыны болды. 2022 жылдың қазанынан 2024 жылғы наурыз айына дейін тұрғындармен 68 ресми кездесу өтті, оның ішінде: қала бойынша 12, ауылдық округтер мен кенттер бойынша 56.

Бұдан бөлек, күн сайын тиісті коммуналдық кәсіпорын басшыларымен қаланы егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізіледі, сондай-ақ, белсенділермен бей ресми кездесулер өткізеді.

Нұрбол Нұрсағатов Абай кітапханасында сексен бірінші қабылдауын өткізіп, 21 қала тұрғынын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғындарын басым көпшілігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, үй кезегі және инфрақұрылымға қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Сондай-ақ, Бобровка және Мұрат саяжайының тұрғындары өздерін қызықтырған мәселелерді, соның ішінде электрмен жабдықтауды көтерді. Қала басшысының айтуынша, биыл Мұрат және Бобровка саяжайларында трансформаторлық қосалқы станциялар мен инженерлік желілер орнатылады. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар Семей қаласына жеткізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив