Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр

5-04-2024, 09:45 Мадина Айдарова

Бесқарағай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталған, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жоба аймақтағы оқушы орындарының тапшылығын шешуге бағытталды.

Жаңа мектеп сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жаңа технологиялармен жабдықталады. Онда заманауи кабинеттер, сондай-ақ спорт және акт залы салынады.

Бесқарағай ауылында жаңа мектеп салу жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінгі таңда іргетас толығымен құйылды.

Еске сала кетсек, Абай облысында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп салу жоспарда бар. Сонымен қатар, 6 шағын жинақталған мектеп пен жұмыс істеп тұрған білім ордаларына 6 қосымша құрылыс нысандары салынады. Білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін көпфункционалды Оқушылар сарайының құрылысы басталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив