Ақсуат аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті
Үстіміздегі жылдың 8-сәуірінде VIII шақырылған Ақсуат аудандық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы өтті.
Оған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы, аудан әкімінің орынбасары А.Аққазин, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібі аясында аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Зағыпановтың «2023 жылғы Ақсуат ауданы бюджетінің орындалуы туралы» есебі тыңдалды.
Абай облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Өміртаев Асыл Аманғалиұлы «2023 жылы Ақсуат ауданының бюджетінің орындалуы туралы Абай облыстық Тексеру комиссиясының жылдық есебін» баяндап өтті.
Сонымен қатар, ауыл әкімі А.Абылаев «Көкжыра ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламаласының орындалуы және атқарған жұмысы туралы» хабарлама жасады.
Әртүрлі мәселелер бойынша Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы Жандос Оразғалиев «Ақсуат аудандық мәслихаты мен тұрақты комиссияларының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы» баяндама жасады. Сессия жұмысы барысында тағы басқа әртүрлі мәселелер қаралды.