Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Көкпекті ауданының ауылдарында көше жарығы орнатылуда

10-04-2024, 09:45 Мадина Айдарова

Биыл Көкпекті ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 16 жобаны іске асыру жоспарланған деп хабарлайды, - 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде жолдарды орташа жөндеуге 2 жоба, көше жарығын орнатуға 11 жоба және абаттандыруға бағытталған 3 жоба бар.

Төменде жоспарланған жұмыстардың тізімі берілген:

Ұзындығы 5 км құрайтын Теректі ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары;
Ұзындығы 3 км құрайтын Тассай ауылының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары;
Черноярка, Толағай, Ажа, Шәріптоғай, Үкіліқыз, Көкжайық, Биғаш, Егінбұлақ, Тассай, Үлгілімалшы, Сүлеймен ауылдарында көше жарығын орнату;
Ажа ауылында Street work out алаңын орнату;
Көкпекті ауылының 18 пәтерлі көпқабатты үйлер маңайында спорт алаңын орнату;
Көкпекті ауылында хоккей кортын салу.

Айта кетейік, «Ауыл – ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив