Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Бородулиха ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр

10-04-2024, 19:30 Мадина Айдарова

Бородулиха ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нысан екі блоктан тұрады: біріншісі ұзындығы 25 метр болатын бес жолды жүзу бассейні, ал екіншісі – әкімшілік бөлмелері бар 24х42 метрлік көпфункционалды зал.

Құрылыс алаңында спорт залдың әкімшілік корпусының шатыры жабылып, бассейн блогының қабырғалары сыланды. Бассейннің техникалық жылыту жүйесін монтаждау жұмыстары аяқталды, алаңішілік кәріз желісі және кәріз сорғы станциясы орнатылды. А блогының қаңқасы монтаждалып, қабырға панельдері орнатылды.

Сондай-ақ, бассейннің әкімшілік ғимаратына пластикалық терезелер мен темір есіктер орнатылып, Бородулиха ауылының қосалқы станциясынан объектіге дейін 10 кВ жоғары вольтты желі тартылды.

Қазіргі таңда «СМУ Шығыс» ЖШС мердігерлік ұйымы қазандық жабдықтарын орнату, монтаждау, бояу-әрлеу, сондай-ақ қоршау жұмыстарымен айналысуда.

Айта кету керек, бұл аудандағы бірінші дене шынықтыру-сауықтыру орталығы. Орталық спортпен шұғылдануға ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, мамандардан кеңес алуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив