Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде республикалық «Таза Қазақстан» акциясына 15 мыңға жуық адам қатысуда

13-04-2024, 12:17 Мадина Айдарова

Бүгін Семей қаласының әр шағын ауданында екіайлық экологиялық және республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс кентінде қала тұрғындарымен бірге тазалық жұмыстарына қатысып, азаматтарды қоршаған ортаны аялауға шақырды.

«Ашығын айту керек өзіміз тұратын айналаға қоқыс қалдықтарын тастау әдетке айналып барады. Бұл дұрыс емес екенін мен үнемі алға тартамын. Біз қоғамдық мәдениет қалыптастыруды үйрену керекпіз», — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Қалалық аумақты тазартуда әкімдік қызметкерлерінен бөлек, жастар, волонтерлер кәсіпкерлер және қала тұрғындары ат салысуда. 

Айта кетейік, тазалық науқаны мамыр айының соңына дейін жалғасатындығын еске саламыз.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив