Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданының тұрғындарымен кездесті

17-04-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Аймақ басшысы тасқын судан зардап шеккен аудандарға жұмыс сапарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, тұрғындар үйлеріне қайтты. Оларға жан-жақты көмектер көрсетілуде.

Ақсуат ауданына барған сапарында әкім Кіндікті ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініштеріне ден қойды.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауға алатындығын жеткізді. Сонымен қатар «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» тас жолындағы көпірдің жайын көзімен көрді. Қазіргі уақытта көпірдің құрылыс жобасына сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама аяқталысымен жобаны жүзеге асыру басталады. Көпір құрылысының жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив