Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Аягөз ауданында 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде

18-04-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Аягөзге жасаған сапары барысында «Қуаныш» ықшам ауданында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Құрылыс «Жайлы мектеп» жобасының аясында жүргізіліп жатыр.

Бас мердігер - «СРБ-L» ЖШС. Қазіргі уақытта іргетас құйылып, үстіне дайын іргетас блоктары төселді. Сондай-ақ, гидроизоляция және сейсмикалық белдеу жұмыстары жүргізілді, плиталар мен кірпіштер төселді.

Құрылыс барысы үнемі бақылауда. Осы мақсат үшін арнайы камералар қолданылуда. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Осыған байланысты аймақ басшысы жұмысты сапалы жұмыс жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облысымызда 2025 жылға дейін 5700 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы жоспарланған. Соның ішінде Семей қаласының Ақсай кентінде 600 орындық, Восточный (оң) кентінде 300 орындық, Қарағайлы ықшам ауданында 900 орындық, Аягөз ауданының Ақтоғай кенті, Ақсуат ауданы Екпін ауылы мен Жарма ауданының Қалбатау ауылында 300 орындық мектептің құрылысы бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив