Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Аймақ басшысы Жарма ауданының тұрғындарымен кездесті

18-04-2024, 11:18 Мадина Айдарова
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына қарасты Үшбиік ауылында болды, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауылға арнайы атбасын бұрған әкім тасқын салдарынан үйлеріне су кірген тұрғындармен жүздесті. 
Ауылдықтар көтерген мәселелерді  тыңдап, ауылдың бүгінгі жағдайын соның ішінде су кірген үйлердің бірін өз көзімен көрді.
Қазір су тасқыны бойынша аудандағы жағдай тұрақты. Су кірген үйлердің тұрғындарына барлық қажетті көмек көрсетілді.
Сапар барысында аудандық маңызы бар «Шар-Көшек» автомобиль жолы да назардан тыс қалмады. Әкім орынбасары Димитрий Гариков пен аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровқа жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив