Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Облыста «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

20-04-2024, 14:59 Мадина Айдарова

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы ағаш егу «Алаш арыстары - М.Әуезов» үй – мұражайының ауласында жүзеге асырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, шырша көшеттері отырғызылды.

Шаһарда экологиялық екі айлық әлі де жалғасуда. Санитарлық тазалау мен қоқыс жинау үшін 20 тиегіш және 65 қоқыс тасымалдаушы арнайы техника жұмылдырылды. Семейдегі саябақтар мен аллеялары, ескерткіштер, орындықтар мен қоқыс жәшіктері тазаланып, 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Бородулиха ауданында 15 саябақ пен скверлер ретке келтірілді. Іс-шараға 1360-тан астам адам, 37 ұйым қатысты. 20 техника жұмылдырылды.

Курчатов қаласында акцияға 2000-нан астам адам қатысты. Қала аумағынан 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив