Cемей-33°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.75 591.96 6.52

Футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

27-04-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Осы маусымда QFL премьер-лигасында өнер көрсететін «Елімай» футбол командасы және «Семей» футзал командасы акцияға өз үлесін қосты. Орталық саябаққа 30-дан астам шырша көшеттерін отырғызды. Акцияға Семей қаласының әкімі, футбол әуесқойлары мен шаһар тұрғындары қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Акцияға футболшылармен бірге қатысқан қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семейде жасыл желек егу жалғасатынын атап өтті.

«Елімай» футбол командасының капитаны Еркебұлан Нұрғалиев спортшылардың эко-акцияға белсенді қатысқанын атап өтті.

«Біз Президенттің «Таза Қазақстан» акциясын өткізу туралы бастамасын қолдаймыз. Қазір біз бос уақытымызда жиі баратын саябаққа 2 метрлік шырша көшеттерін отырғызып жатырмыз. Біз Семейдің командасы болғандықтан, қаланың дамуына белсенді үлес қосамыз», - деді капитан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив