Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Биыл аймақта 104 әлеуметтік нысан салынады

2-05-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімдігінің отырысында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков өңірдегі құрылыс жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады.

2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 66 медициналық нысан, Аягөз аудандық ауруханасына реанимация бөлімін, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен Мақаншы ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарлануда.

Бородулиха ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Көкпекті ауылында бассейн, Үржар, Абай аудандарында 2 спорт модулінің құрылысы жүргізілуде. Биыл Курчатов қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Шар қаласы мен Бесқарағай ауылында бассейн, Бородулиха ауданының Петропавловка ауылында спорт-демалыс орталығы, Жарма ауданының Қалбатау ауылында стадион құрылыстарын бастау көзделген.

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 6 мектептің құрылысы басталады (Семей қаласының Ақсай кентінде 600 орындық, Шығыс (оң) кентінде 300 орындық, Қарағайлы шағын ауданында 900 орындық, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық).

Сондай-ақ Абай ауданы Кеңгірбай би ауылындағы Қарашоқы шатқалында балалар лагерінің, Мақаншы ауылында 140 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Облысымызда халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр. Осыны ескере отырып, құрылыс басқармасы қала және аудан әкімдерімен бірлесіп облыс бойынша салынып жатқан барлық әлеуметтік нысандардың уақытылы аяқталуын жеке қадағалауға алуы керек. Ағымдағы жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысы көрсеткіштерін ай сайынғы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», -деді аймақ басшысы.

Жиын соңында әкім орынбасары Димитрий Гариковке жұмыс барысын қадағалап, атқарылған істер бойынша үнемі есеп беріп отыруды және құрылысты уақытында сапалы аяқтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив