Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Нұрбол Нұрсағатов келесі жылу маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

4-05-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына дайындық жұмыстары басталды. Осыған байланысты, бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен көшпелі кеңес өтті, онда алдағы жылу маусымына дайындықтың аса өзекті және маңызды мәселелері талқыланды.

Көшпелі кеңеске қала әкімінің орынбасары, жауапты бөлімдер мен мекемелердің басшылары, мердігерлер қатысты.

Нұрбол Нұрсағатов қазандықты жөндеу жұмыстары басталған РК-3 барып, жөндеу жұмыстарының барысын қадағалады. Кеңесті қорытындылай келе, қала басшысы мердігерлерге жұмыстарды сапалы орындауды және оларды белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив