Облыста Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтті
Бүгін Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев Батырлар аллеясындағы 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Бородулиха ауданында Даңқ мемориалында салтанатты гүл шоқтары қойылды. Бір минут үнсіздікпен қаза тапқан батырларды еске алды. Қазіргі уақытта ауданда 127 тыл еңбеккері, соғыс жылдарында марапатталған 3 адам тұрады.
Абай ауданында да гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі, ақсақалдар, оқушылар мен тұрғындар қатысып, келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Жалпы, ауданда 54 тыл еңбеккері тұрады.
Курчатов қаласының Жеңіс алаңында 9 мамырға орай «Еске алу вахтасы» акциясы өтті. Бұл қазіргі жас ұрпақтың Ұлы Отан соғысына қатысқан жандардың батырлығына құрмет көрсетудің символы.
Жеңіс Күнін мерекелеу кезінде Ақсуат ауылының «Мәңгілік Ел» саябағында «Белгісіз солдат» ескерткішінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналғандар Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.