Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Абай ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

15-05-2024, 12:46 Мадина Айдарова

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Абай ауданының ауылдарында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс-шаралар ауылдың инфрақұрылымын дамытып, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Мысалы, Қарауыл ауылының Мамай көшесіне ұзындығы 614 метр, ал Тоқтамыс көшесіне 1 505 метр асфальт төселді. Сонымен қатар, 73 заманауи көше шамдары орнатылды. Маусым айының соңына дейін Бекбосынов көшесіне тағы 53, Мамай көшесіне 68 шам орнату жоспарлануда.

Көкбай ауылындағы Мырзабатыр көшесінің 580 метрі асфальтталып, Шәкәрім көшесіне шамдар орнатылды. Қасқабұлақ ауылындағы Достық көшесінің 700 метрін асфальттау мен көше шамдарын жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив