Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
476.27 515.47 5.41

Канонеркада шағын футбол алаңының құрылысы жүріп жатыр

20-05-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданы, Канонерка ауылы тұрғындарының өтінішіне орай шағын футбол алаңы салынуда. Бүгінде құрылыс алаңына қажетті барлық материал жеткізілді. Алаңды тегістеу мен алаң төсенішіне керек қиыршық тас пен құм қабатын дайындау жұмыстары жүргізіліп, қоршау орнатылуда.

Жақын арада жабынды төсеу, ойын алаңын белгілеу, сондай-ақ тиісті жабдықтар мен қажетті коммуникацияларды орнату көзделген. Алаңның ашылуы маусым айына жоспарланған. Алаңның ашылуына орай ауылдық округтер арасында шағын футболдан турнир өткізіледі.

Бүгінгі таңда Бесқарағай ауданында 34 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 – дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 - балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, 19 – спорт залы, 9 футбол, 6 воркаут алаңы. Бұдан бөлек, Бесқарағай ауылында жүзу бассейнінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Малая-Владимировка ауылында да шағын футбол алаңы салынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив