Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қала әкімі аулаларды абаттандыру бойынша көшпелі кеңес өткізді

11-06-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласындағы аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша әкімдіктің бөлім басшыларымен көшпелі кеңес өткізді.

2023 жылы Семейде 71 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. 2024 жылы қаланың 46 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде 14 аула, 4 қоғамдық кеңістік абаттандырылады.

Қала басшысы аула аумақтарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Шәкәрім 9, және Титова 140 мекенжайында болды. Сондай-ақ, қала басшысы №1 емхананың алдында медицина қызметкерлері құрметіне салынып жатқан қоғамдық кеңістіктің жұмыс барысымен танысты.

Көшпелі кеңес нәтижесінде мердігер ұйымдарға, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлімдеріне процесті бақылау, сондай-ақ барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, қала әкімі қаланың сол жағалауындағы №2 шағын аудан 1а-1б мекенжайының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар аулаішілік жолдарға асфальт салу, балалар ойын алаңын абаттандыру мәселесін көтерді.

Қала әкімі өз кезегінде тұрғындарға көтерілген сұрақтардың барлығы жұмыс барысына алынатындығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив