Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Қала әкімі асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерді аралады

13-06-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазіргі таңда аулаішілік жолдарға асфальт салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аулаішілік жолдарды асфальттау жұмыстары қазіргі таңда 20 квартал 5,6,7 мекенжайларында жүргізілуде. Сондай-ақ, қала басшысы тротуарды асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатқан Красина көшесіне барды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын тұрақты түрде жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізуде. Бүгін Нұрбол Нұрсағатов аталған көшелерге барып, жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігер ұйымның басшылары қала әкіміне құрылыстың жағдайын баяндады.

Өз кезегінде қала әкімі тиісті тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, биыл Семейде 36 км болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив