Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Мүгедектігі бар жандарға InvoTaxi автокөлігінің кілті табысталды

24-06-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданына жасаған жұмыс сапары аясында құрылыс алаңында болып, әлеуметтік жобаларды іске асыру барысымен танысты.

Аймақ басшысы аудандағы оңалту орталығына арнайы атбасын бұрды. Бүгінде орталық 1 - 18 жас аралығындағы 15 балаға қызмет көрсетеді. Балаларға ыңғайлы болу үшін тасымалдау ұйымдастырылған. Аймақ басшысы ауданға қарасты ауылдық округтерден мүгедектігі бар балаларды күндізгі бөлімге тасымалдауға арналған InvoTaxi автокөлігінің кілтін табыс етті.

Аудан орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Тапсырыс беруші – «Samruk Kazyna Construction» АҚ, бас мердігер – «Құрылыс» ЖШС, жобалаушы – «GPcom01» ЖШС. Құрылысты аяқтау 2024 жылдың қараша айына жоспарланған. Мектеп 23 279 шаршы метр аумақты алып жатыр, ғимараттың жалпы ауданы 5 400 шаршы метр.

Сондай-ақ, әкім Бесқарағай колледжінің базасында орналасқан жылыжайда болды. Ауданы 510 шаршы метр және биіктігі 5 метр жылыжай ғимараты оқу-өндірістік зертхана ретінде пайдаланылады. Мұнда гүлдердің 8 мың түрі, сондай-ақ қияр, қызанақ, бұрыш, және салат жапырақтары өсіріледі. Жылыжай «Орман шаруашылығы» және «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандықтары үшін оқу базасы ретінде қызмет етеді.

Баскөл ауылдық округіне қарасты Қарағайлы ауылында Нұрлан Ұранхаев «BA Agro Group» ЖШС компаниясының жұмысымен танысты. Компания қызметінің негізгі бағыты – өсімдік шаруашылығы, дәнді және майлы дақылдар егу. Компанияда 80 қызметкер жұмыс істейді, ауылшаруашылық техникасының жалпы саны 93 бірлікті құрайды.

Сапар соңында аудан әкімі мен тиісті бөлімдерге барлық жобалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив