Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Абай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті

8-03-2023, 10:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының киелі шаңырағы Абай атындағы театрда Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты салтанатты шара өтті.

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мерекелік шараға қатысып отырған Абай облысының ҰОС ардагерлерін, зиялы қауым өкілдерін, құқық қорғау, әскери кызмет, білім беру, медицина, мәдениет, спорт, халыққа қызмет көрсету, бизнес салаларында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар мен көпбалалы аналарды, жастарды, БАҚ өкілдерін, әлеуметтік қорғау ұйымдарының өкілдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың жеке өмірде де, кәсіби қызмет аясында да қосып отырған өлшеусіз үлесін атап өтіп, ізгі тілектерін білдірді.

- Бүгінде, әйелдер қауымы, қоғамның барлық саласында, белсенді, беделді, бағалы! Сіздер, Абай елін қайта түлетіп, қасиетті Семейімізге сән беріп, өңір дамуына, зор үлес қосып келесіздер. Қоғамның қозғаушы күші болумен қатар, ұрпақ өрісін кеңейтіп, еліміздің еңсе тіктеп, дамыған елдер қатарына қосылу жолында да, қазақстандық әйелдің, орны ерекше! Бойларыңыздағы, ақыл мен парасат, махаббат пен ізгілік, төзім мен сезім, бізге, әркез, сенім мен жігер береді. Қос қолымен бесік пен әлемді тербеткен асыл аналар, әрқашан, ел ертеңі мен тіршілікке нәр беретін, айрықша күш пен қасиетке ие болады деп сенемін. Әрқашан, көктемдей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер, - деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

️Мерекелік концертте «Voice» квартеті мен «Астана балет» театрының әртістері Анар Дукиева, Досан Шакиров және басқалар өнер көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив