Қала әкімі салынып жатқан нысандарды аралады
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан 13 тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Биыл басталған бұл үйлердің құрылысын ТОО «AN Groups» мердігер компаниясы жүргізуде. Әкім 712 пәтерлі, 13 көпқабатты тұрғын үйдің (62-74 позициялар) құрылыс алаңына барып, жұмыстардың барысын бақылап шықты. Жалпы ауданы 67,9 мың шаршы метрді құрайтын үйлердің пәтерлеріне 51 мың шаршы метр бөлінген. Қазіргі таңда мердігерлер қазба жұмыстарының бастапқы кезеңдерін орындауда.
Сондай-ақ, қала әкімі құрылыс жұмыстары аяқталған 15 тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл үйлерді қолданысқа беруге дайындықты ТОО NKO және ТОО Active-A мердігерлік ұйымдары жүзеге асырды. Кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге және әкімдік қызметкерлеріне жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Қала басшысы сондай-ақ, ағымдағы жылы абаттандырылатын 62 ауладағы жұмыстарды бақылап өтті. Оның ішінде 16 аула бюджетті үнемдеуден қалған қаржы есебінен «LLC Asia» ЖШС мердігерлігімен, 32 аула «Стронг Сервис» ЖШС арқылы абаттандырылуда. Қалған 14 аула Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Көптеген аулалардағы жұмыстар аяқталып, тұрғындардың қолданысына берілуде.