Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.34 623.05 6.65

Жарма ауданында Республика күніне орай жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

25-10-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Республика күні қарсаңында «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасы аясында Жарма ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Жаңа пәтер иелерін аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Бірлік ауылының тұрғыны, пәтер иесі Маржан Бақлаева өз қуанышымен бөлісті: «Мен баспана кезегінде 5 жылдай тұрдым. Менің үйім апатты жағдайда болды, көмек пен қолдау көрсеткендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді».

Мерекелік көңіл-күйді аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы өз өнерлерімен жалғастырды.

Айта кетерлігі, ауданда құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Жыл басынан бері аудан тұрғындарына 30 пәтердің кілті табыс етілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив