Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Республика күні бастауыш сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды

28-10-2024, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

Республика күніне орай Жаңасемей ауданы, Көкентау ауылындағы орта мектепте мектеп және клуб ұжымының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында бастауыш сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына қабылданып, ант берді.

Сонымен қатар, Жаңасемей ауданына қарасты ауылдық округтерде Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтіп, Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды.

Сонымен қатар, қаламыздағы «Avenue» сауда орталығында Назарбаев зияткерлік мектебінің домбырашылары «Ұлы дала мұрагері» флешмобын ұйымдастырды. Облыстың аудан, қалаларындағы барлық мектептерде патриоттық сабақтар өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив