Кандидат Равиль Сабитов үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде
№14 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Равиль Сабитов өз округіне қарасты шағын аудандарда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ол шағын аудан тұрғындарымен кездесіп өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Кандидат автобус қозғалысының режимі мен кестесі тасымалдаушыларға емес, қала тұрғындарын қанағаттандыру қажет екенін айтты.
«Қазіргі таңда Семей қаласындағы қоғамдық көліктер өзінің уақытын дұрыс сақтамай, кешкі 19:00-ден кейін тоқтап қалады. Бұл дұрыс емес. Өйткені ол уақыттарда қала тұрғындары жұмыстан, оқушылар мен студенттер сабақтан шығады. Кейбіреулері үйлеріне таксимен қайтуға мәжбүр. Осы мәселеге нүкте қоятын кез келді. Мен оны өзімнің сайлауалды бағдарламама енгіздім», - деді ол.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Тағыда оқыңыз