Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Семей қаласында заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмысы жалғасуда

14-11-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласында заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, 2024 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында өңірде 102 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Бүгінде оның 55-і толық жойылды, ал қазіргі уақытта 47 қоқыс үйіндісін жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылы қала әкімінің тапсырмасымен 283 қоқыс үйіндісін толық тазаланған болатын.

Қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту және заңсыз қоқыс үйінділерін жою бағытында атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беріп келеді.

Нұрбол Нұрсағатов қоқыс шығару жұмысын қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ, рұқсатсыз жерге қоқыс төккендерге тәртіптік шара қабылдау керектігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив