Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қарияға берген уәдесі бойынша аймақ басшысы Көкпектіге арнайы келді

13-12-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қыркүйек айының соңында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Жиын барысында ақсақалдардың бірі атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ауданды дамытудың алдағы жоспарларын бірге талқылауды ұсынған еді. 

Кездесу барысында ақсақалдармен еркін пікір алмасып, өзекті мәселелерді шешу жолын талқыға салды. 

«Біз даму бағдарламаларын жоспарлап, жүзеге асыру кезінде жергілікті тұрғындардың талап-тілектерін ескеруге тырысамыз. Халықтың ұсыныс, тілектеріне құлақ түру ауылдағы өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді әкім.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив