Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

16-12-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі жолында үлес қосқан батырларды еске алды.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков,  Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. 

Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив