Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсуат ауданының орталығында 14 жаңа пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, Құмкөл ауылында 4 пәтер, Көкжыра ауылында 6 пәтерге жаңа тұрғындар қоныстанды. 2024 жылы ауданда екі пәтерлі 52 үйді аяқтау жоспарлануда. Бұл 104 отбасы өз баспанасына ие болады деген сөз.
Тұрғын үй мәселесін шешуде жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың рөлі ерекше. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат ауылында ауданы 85 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 7 тұрғын үй салынды. Оның ішінде 4 үйді мердігер Ералы Социалов, 3 үйді Қайырлы Қасенов салған. Осылайша, жуырда 14 отбасы қоныс тойын тойламақ. Сонымен қатар, Екпін ауылында 8 отбасының жаңа баспанасына айналатын екі пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек 28 үйдің құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Қоныстанушыларға кілт табыстаған аудан әкімі Ерсін Ескендіров азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.
Биыл ауданда екі пәтерлі 52 тұрғын үй салынды.