Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
526.81 542.72 5.16

Жаңасемей ауданында жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жаңасемей ауданының бірнеше ауылына барды. Аудан басшысы Алмас Тастенбеков жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жұмыстар жайлы баяндады.

Мәселен, 1994 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Шаған кентіндегі № 24 негізгі жалпы білім беретін мектептің оқу процесінде заманауи әдістемелік құралдар пайдаланылады. Сондай-ақ ақпараттық технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін IT-кабинет бар.

Кент тұрғындарының жаңа мектеп салынса деген өтініші бар. Кент әкімі Ирина Попованың айтуынша, елдімекенге мектеп салынса, қалада оқитын балалар ауылға қайтуға дайын. Осыған байланысты әкім Құрылыс, білім басқармалары мен аудан әкіміне мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Өңір басшысы сондай-ақ Прииртышское ауылындағы Біржан Исаділов атындағы орта мектепте де болды. 1984 жылы ашылған білім мекемесінде 17 оқу, оның ішінде IT кабинеті де бар. Мектеп оқушыларды оқулықтармен және әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етіп отыр.

Шаған кентінде жалпы ауданы 336 шаршы метр болатын үйлердің құрылысы аяқталу сатысында. «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кентте халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар үшін 4 пәтер сатып алу жоспарлануда. Жаңасемей ауданында тұрғын үй алуға кезекте 83 адам тұрса, 4 отбасы осы кент тұрғындары.

Шақаман ауылында да тұрғын үй құрылысы жобасы іске асуда. 2024 жылы жалпы ауданы 504 шаршы метр болатын 6 пәтер сатып алынды. Қазіргі уақытта үйлерді электр желілеріне қосу жұмысы жүргізілуде. Бұл пәтерлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған. Шақаман ауылында 8 отбасы тұрғын үйге кезегінде тұр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив