Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.05 629.16 6.65

Семей қаласының әкімі жеке қабылдау өткізді

28-02-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қала басшысы Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерді тыңдады. Қабылдау барысында баспана кезегі, көктемгі су тасқыны, абаттандыру, денсаулық сақтау саласы және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

Кездесуге бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты. 20 азамат қабылдауға келсе, 1 тұрғын онлайн байланысқа шықты.

«Халықпен ашық диалог – жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі. Жеке қабылдаулар азаматтардың өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, жүйелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Кездесу нәтижесінде әкім бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 109-кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив