Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Таскескен ауылында 100 орындық балабақша салынады

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға сапары барысында Таскескен ауылындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы елді мекендегі сапарын жергілікті тұрғындармен бірге шырша көшеттерін отырғызудан бастады.

Таскескен ауылындағы спорттық сауықтыру кешені 2024 жылы ашылған. Қазір мұнда 90 бала спорттың үш түрімен (грек-рим, футбол, бокс) шұғылданады. Ғимарат аумағында футбол алаңы бар.

Облыс әкіміне Таскескенде жеке инвесторлар есебінен салынатын жобалар таныстырылды. Осы елді мекеннің тумасы, белгілі меценат Талғат Сақан ауылда 100 орындық қоғамдық сауықтыру орталығы мен дәл осынша орындық балабақша салуды жоспарлап отыр. Қоғамдық сауықтыру орталығының құрылысы басталып кеткен. Елді мекенде балабақшаға сұраныс бар. 90-ға жуық бала балабақша кезегінде тұр.

Аймақ басшысы Таскескен ауылында елді мекеннің ақсақалдарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Облыс әкімі бұрын аудан орталығы болған Таскескенді дамыту бағытындағы шаралар жалғасатынын айтты.

«Таскескенде ауқымды жұмыс атқарылып жатыр екен. Мемлекеттің көмегінен бөлек кәсіпкер азаматтар туған жеріне қол ұшын созып жүргені қуантады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылда балабақша салынады. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Таскескен – Үржар ауданындағы ең ірі ауылдардың бірі. Біз бұрын аудан орталығы болған елді мекендердің дамуын әрдайым назарда ұстап отыратын боламыз»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив