Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Облыс әкімі Көкпекті ауылындағы сенбілікке қатысты

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Көкпекті ауылындағы сенбілікке қатысты. Елді мекен тұрғындарымен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара барысында ауданда 1000 түп шырша егілді.

Облыста 5 сәуірде жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын. Бүгін бесінші мәрте сенбілік өткізілуде. Тазалық шарасына 105,9 мың тұрғын және 4 581 ұйым қатысып, 1 974 техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде 77 мың аула, 955 саябақ және 306 ескерткіш, 595 су айдыны, 20 816 метр арық және 58 субұрқақ тазартылды. Полигондарға 20,5 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыста сәуір айында өткен сенбіліктерде 25849 ағаш егілді.

Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

«Бүгін Көкпекті ауданының ауыл-ауылдарында 1000 түп шырша көшеттері отырғызылды. Бұған тұрғындар белсенді қатысуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда» деген болатын. Осындай ағаш егу жұмыстарын барлық қала, аудан, ауылдарда қолға алып, өңірімізді жасыл желекке айналдыруымыз керек»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив