Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

5-05-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғын үй аулаларын аралау барысында Әуезов көшесі, 39 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйге барды. Бұл аулада орналасқан ойын алаңының қоршаулары сынып, ескірген. Сондай-ақ тұрғындар демалатын орын орнатуды сұрады.

Аталған көпқабатты үйде тыл ардагері тұрады. Бекжан Бапышев ардагермен кездесіп, аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Қала келбеті әрбір ауладан басталады. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін аулаларды жаңарту маңызды», – деді Бекжан Бапышев.

Қазіргі уақытта бірқатар аулаларда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ақаулы нысандар кепілдік аясында жөнделетін болады. Сонымен қатар, биыл 22 жаңа аула абаттандырылмақ.

Мердігермен келіссөз жүргізіліп, ойын алаңын жөндеу, газонды жаңарту және тұрғындар үшін демалыс орындарын орнату жоспарға енгізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив