Бозтал ауылына апарар жол жөнделіп жатыр

Бесқарағай ауданының Бозтал ауылына апарар жолда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қарағайлы–Бозтал» бағытындағы жолдың ой-шұңқырлы учаскелеріне қиыршық тас төселіп, тегістеліп жатыр.
Қазіргі таңда бірнеше учаскеге 230 тоннаға жуық қиыршық тас жеткізілді. Бұл шара көктем-күз мезгілдерінде жолдың лайсаңға айналуын болдырмайды.
Жөндеу жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдіруде. «ГРК Электрум» ЖШС қиыршық тасты тегін ұсынса, «Бозталым» ЖШС материалды тасымалдауды ұйымдастырды.
Бесқарағай ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 806 шақырым. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдар – 240 шақырым, ауылішілік жолдар – 228 шақырым. Биыл облыстық маңызы бар «Малая-Владимировка-Қоянбай» бағыты бойынша 13 шақырым жолға асфальт төселді. Сонымен қатар «Семей-Бесқарағай-Долон» бағыты бойынша 5 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.