Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Берік Уәлидің тапсырмасымен Көкжырады мәдениет үйінінің құрылысы басталды

10-07-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Көкжыра ауылында көптен күткен қуанышты оқиға орын алды – жаңа мәдениет үйінің құрылысы ресми түрде басталды. Ауылдың мәдени өміріне серпін беретін бұл нысанның алғашқы қазығы салтанатты жағдайда қағылды.

Шараға Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Кәдірбекұлы, мердігер мекеме өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Рәсім барысында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, дәстүрге сай  мал сойылып, әжелер шашу шашты.

Айта кетейік, бұл бастама облыс әкімі Берік Уәлидің Көкжыра ауылына жасаған сапары кезінде тұрғындардың өтінішімен қолға алынған болатын. Сол кездесуде әкім мәдениет үйі құрылысын қаржыландыруға қолдау білдіретінін айтып, биыл іске асыруды уәде еткен еді.

Жаңа мәдениет үйі тек мәдени шаралар өтетін орын ғана емес, ауылдың рухани орталығына айналады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив