Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
524.65 607.02 6.48

Қала әкімінің міндетін атқарушы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

3-08-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Азаматтарды қабылдау орталығында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бөлім басшылары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар «Отбасы банкіндегі» тұрғын үй кезегі, аула абаттандыру, жол жөндеу, ауызсумен қамту, жылу трассаларын салу, қоғамдық көлік, спорттық үйірмелер сынды мәселелерді қозғады.

Бекжан Бапышев тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңдық тұрғыда түсіндіріп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив