Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай ауданында кезекті әкімдік отырысы өтті

11-06-2025, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлының төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, әкімдік мүшелері, мекеме және дербес бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес үш баяндама мен екі ақпарат қаралды. Алғашқы баяндама «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен екі айлық тазалық айлығы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға арналды.

Баяндаманы тыңдаған аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы акцияның әлі де тиісті деңгейде жүргізілмей отырғанын атап өтті. Ол мекеме және бөлім басшыларына тазалық жұмыстарының үлгісін өз ғимараттары мен үй аулаларынан бастау қажеттігін қатаң ескертті. Әкім тапсырылған жұмыстардан нақты нәтиже жоқ екенін айтып, заң аясында әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертті. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясының жыл бойы жалғасатынын айтты.

Күн тәртібінде сондай-ақ ауданда туризмді дамыту, мал азығын дайындау және шөп шабу науқаны бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да талқыланды. Тиісті бөлім басшыларының есебі тыңдалып, аудан басшысы осы бағыттағы шараларды күшейту және жұмыс сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

Жиын барысында ауыл шаруашылығы техникаларын мемлекеттік тіркеуден өткізу және жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу, сондай-ақ «Жасыл ел» жасақтарының жазғы еңбек маусымындағы жұмыстары туралы ақпараттар назарға алынды.

Кеңес соңында аудан әкімі бірқатар нысандардың күтіміне қатысты нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ауыл әкімі Е.Дүйсембековке, ШЖҚ «Риза» КМК-нің директорының м.а. Б.Мәнзалға және саябақтарға жауапты мекемелерге егілген гүлдер мен жас ағаштарды уақтылы суару, күтіп-баптау, сондай-ақ абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу міндеттелді.

Мейіржан Серікбосынұлы ауданның көркі мен экологиялық мәдениеті әрбір азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтіп, барлық сала басшыларын тұрғындармен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив